Миллионер қытай жігітіне тұрмысқа шыққан арудың оқиғасы....(1-бөлім)

Бизнесу нужен калькулятор? Создайте в uCalc!
20 Просмотры
Издатель
Осы уақытқа дейінгі "Әйел тағдырын" жазып жүрген тәжиірбиемде мұндай оқиғаны өзім алғаш рет есітіп отырмын.
Әрине мен қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуын мүлде құптамаймын. Бірақ неге біздің қазақтың қаракөз қыздары өзге ұлттың жігіттеріне таңдау жасап, етегінен ұстап кете барады?! Жатырын улап өзге ұлттың ұрпағын дүниеге әкеледі? Кейінгі кездері өте өзекті тақырыпқа айналған осындай жағдайлар мені қатты алаңдатады.
"Алдамшы армандар" әңгімесінің кейіпкері, қытай жігітіне тұрмысқа шығып, одан бір ұл мен бір қыз баланы дүниеге әкеліпті. Бұл арудың қытай жігітіне тұрмысқа шығуына қандай себеп?! Махаббат па әлде қаржылық жағдай итермеледі ме?! Қытай ұлтының болмысын, тілін, тұрмыс-тіршілігін мүлде түсінбейтін қазақтың қаракөз қызы неліктен мұндай қадамға барып, тұрмысқа шықты?!
Ғылымға сүйенсек– 80 жылдардың басынан күні кешеге дейін Қытайдың ханзуларға 1 бала, ауылды жерлерде 2-3 бала тууға ғана рұқсат беретіндігі туралы заңы бар еді. Ал, кез-келген қытайлық азамат, болмаса азаматша басқа ұлтпен бас қосса, үкіметі тарапынан үлкен қолдауға ие болады екен. Бұл туралы қытай елінде ұстаздық етіп, өз отанына оралған ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы айтып отыр.
“Жұмыртқаны тасқа ұрсаңыз да, жұмыртқа сынады, таспен ұрсаңыз да жұмыртқа сынады. Сондықтан қытай үшін қытай жігітінен туған бала да қытай болады, қызынан туған бала да қытай болады. Әкесі, немесе шешесі қытай болса, қытай туады!
Сондай-ақ бұл мәселеге басқалар айтып жүргендей, бей-жай қарауға болмайды! Өйткені, өзге ұлтқа тұрмысқа шығуды – өлім деп санайтын Қытайдағы қазақ қыздарының кейбірі де қытайға қалыңдық болып жатқанына алаңдаулы.
Қытайда жасап отырған қазақтарды ала бастапты. Және Қытайдағы қазақтарға қыздарын бере бастапты. Себебі олар осы тәсілді қолдану арқылы адам санын көбейту. Олар жоспарлы тууды да биыл алып тастапты. Бұл енді өте қауіпті”, – дейді Дәулетбек Байтұрсын.

Егер Қазақстан мен Қытай шекарасы ашылатын болса, қазіргі Қытай халық статистикасына сүйенсек 50 миллион бойдақ жігіт бар екен. Дәл қазіргі таңда, жан-жағымыздан жеріміз бен ен байлығымызға қаумалап көз сүзіп отырғандарға бұл тәсіл...

#ұлт #намыс
#жетімнің_жан_айқайы
Категория
Бизнес
Комментариев нет.