Ресей азаматтары Қазақстаннан жаппай көлік сатып алып жатыр. Мысалы былтыр біздің елмен шекаралас Түмен облысынан келіп, автомобиль сатып алу фактісі 56 есе артқан. Соның кесірінен қазір несиеге көлік мінгісі келген отандастарымыз Қазақстандағы дилерлік орталықтарда бір жылға дейін кезегін күтіп жүр.
Қалдыбай Тұрғаналы былтырдан бері Ресейге жүздеген көлік тасымалдаған. Айтуынша, көрші мемлекетке темір тұлпар жеткізген қаржылық жағынан анағұрлым тиімді. Үш күн сайын Астанадан Омбы, Түмен облыстарына екі қөліктен апарады. Автомобильдің санатына қарай машинаны тасымалдау құны 220 мың теңгеден басталады екен.
ҚАЛДЫБАЙ ТҰРҒАНАЛЫ, көлік тасымалдаушысы:
– Ағамыз екеуміз айналысамыз эвакуатормен. Ағам барады 500-600-ге барады. Екі машина апарамыз прицеппен алып барады. Қымбат машиналар ғой. Ақшасын басында жартысын, сосын жартысын береді.
Санкция салдарынан ең танымал 7 брендтің авто дилерлері Ресей нарығынан кеткен. Отандық көлік құрастыратын зауыттардың да жұмысы тоқтап тұр. Сондықтан көрші елдің азаматтары Қазақстандағы жаңа көліктерді жаппай сатып алуда.
ЕРБОЛ СЕЙПІЛОВ, Қазақстан автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу жөніндегі директоры:
– Жалпы 2022 жылдың 11 айында 110 мыңға жуық автокөлік сатылған. Бұл ресми дилерлермен. Оның жалпы 102 мыңнан астамы бұл жеңіл автокөліктер. Статистикаға келетін болсақ, әрине басым бөлігі қолма-қол ақшаға сатылып жатқан көліктер.
Өңірлік кеден бөлімі өкілдерінің мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанмен шекаралас Түмен облысы мен Тобыл кеден бекеттеріне біздің елден 668 көлік жеткізілген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 56 есеге артық көрсеткіш. Айта кетейік, ресейліктер біздің нарықтағы жаңа көліктерді де, ескі машиналарды өз аттарына сатып ала алмайды. Ал сарапшылар өзіміздің емес, өзгенің көліктерді жаппай сатып алуы елімізде онсыз да қымбат көлік бағасының одан сайын қымбаттауына әкеп соғады дейді.
ОЛЖАС ОҚАС, сарапшы:
– Жергілікті азаматтың атына сол көлікті рәсімдейді. Соның атына көлікті сатып алады да, машинаны жеке тұлғадан сатып алғандай өз еліне алып кетеді. Барған соң 30-40 пайыз үстіне қосып, машинаны сатып маржа, яғни пайда көреді. Бұның арты жақсылыққа апармайды. Біз Ресей үшін импорттық тауарлардың дүкеніне айналмауымыз қажет.
Көрші ел тұрғындарын Қазақстан нарығындағы көлік құны қызықтырады. Машина сатуға арналған сайтта ресейлік сарапшылар Корея, Біріккен Араб Әмірліктері мен АҚШ-тың ірі көлік хабы саналатын Қазақстанда көлікті қалай оңай сатып алуға болатыны туралы кеңестер беруде. Ал мамандар салондағы көліктер бірден қолма қол ақшаға алынып жатқандықтан жеңілдетілген автонесиеден үмітті ел азаматтарының көлікке қол жеткізуі қиындай түседі дейді.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

- Категория
- Бизнес
Комментариев нет.